Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты
Поддержать

Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын ашты.

Президент елдің негізгі экономикалық көрсеткіштерін атап өтті және Үкіметтің кеңейтілген отырысының регламентін айтты.

— Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өкінішке орай, қаңтардағы оқиғалар біздің өмірімізді түбегейлі өзгертті. Тәртіпсіздіктер салдарынан көптеген қазақстандықтар зардап шекті. Шағын және орта бизнес шығынға ұшырады. Соңғы деректерге сәйкес, бизнеске 100 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілген. Жаңа Үкіметтің алдында ел экономикасын тұрақтандыру, сондай-ақ инфляцияны төмендету міндеті тұр. Бұл маңызды міндет, — деді Тоқаев.

Одан кейін Президент Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа сөз берді, ол Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу сапасы туралы баяндады.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.