Қазақстандық оқушылар 14 ақпаннан бастап дәстүрлі оқу форматына көшеді
Қазақстандық оқушылар дәстүрлі оқу форматына көшетіні белгілі болды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, оқушылар 14 ақпаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына көшеді.
— Ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептерді толыққанды офлайн-оқыту форматына көшіру туралы мәселе қаралды. Нәтижесінде, 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді, — деді БҒМ Баспасөз қызметі.
Еске салайық, 24 қаңтардан бастап 600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту негізінен жүктемесі жобалық қуаттың 50 пайызынан аспайтын 1-4 сынып оқушылары үшін жүргізілді.
5-11 сынып оқушыларына қатысты мектеп әкімшіліктеріне ата-аналардың балаларды дәстүрлі форматта оқыту ниетін ескеру ұсынылды.
Комментариев пока нет