Тоқаев Алматыдағы «Алтын Орда» базарына қатысты тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге «Алтын Орда» базарына қатысты тапсырма берді. Президенттің айтуынша, базар аумағында тәртіп орнату керек.
— Тағы бір мәселені атап өткім келеді.Тиімсіз сауда делдалдықты тоқтататын уақыт жетті. Мәселен, 3 миллион адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегінде тұрғындар тауарларды негізінен «Алтын Орда» базарынан сатып алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне үкіметпен бірлесіп, нарықты тәртіпке келтіруді тапсырамын, — деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Бұл жағдай басқа өңірлерге де қатысы барын айтқан президент қажет болса бұл секілді жұмыстарға қорғау органдарын тарту керектігін мәлімдеді.
— Бұл басқа өңірлерге де қатысты. Қажет болса, бұл жұмысқа құқық қорғау органдарын тарту керек, — деді Тоқаев.
Комментариев пока нет