8 екпе салдырған Жириновский ауыр халде ауруханаға түсті
Поддержать

8 екпе салдырған Жириновский ауыр халде ауруханаға түсті

75 жастағы ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский ауыр халде ауруханаға түсті.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей либералдық-демократиялық партиясының жетекшісінің өкпесі 75 пайызға дейін қабынған.

Ресейлік басылымдар Владимир Жириновскийдің Мәскеудің Орталық клиникалық ауруханасында жатқанын хабарлады.

Либералдық-демократиялық партияның ресми өкілдерінің айтуынша, олардың көшбасшысы сау және жұмысын жалғастырып жатыр.

Өткен жылдың 20 желтоқсанында Владимир Жириновский коронавирусқа қарсы сегізінші екпе алғанын айтқан еді.

Ауруханаға жатқызылған ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский жасанды өкпе желдеткіш аппаратына қосылған.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *