Батырбаев өзін үтік басып азаптағандарды анықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатуға қатысқан Азамат Батырбаев өзін үтікпен азаптағандарды таныды.
Батырбаев 5 қаңтар күні Талдықорғандағы наразылықтарға қатысқан. Басқа наразылық білдірушілермен бірге ол Назарбаев ескерткішін құлатуға әрекеттенеді. 37 жастағы азаматты Талдықорғанды құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен.
— Азамат Батырбаев өзін азаптаушыларды анықтады, – деді қорғаушысы Бауыржан Азанов.
Instagram-да Батырбаевты демонстрациядан кейін полиция қызметкерлері ұстап алып, ұрып-соғып, азаптаған, үтікпен денесін күйдіргені туралы ақпарат тарады.
Комментариев пока нет