Тоқаев қаңтар оқиғасының себеп-салдары туралы сұхбат берді
17 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты шығады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram-да хабарлады.
— Ертең, 17 ақпанда, сағат 20:30-да QAZAQSTAN ұлттық телеарнасы Мемлекет Басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың сұхбатын көрсетеді, — деп жазды Берік Уәли.
Берік Уәли президенттің сұхбат барысында қасіретті қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап беретінін айтты.
Сұхбаттың үзіндісі жарияланды. Ол жерден Тоқаевтың «Қазақстан жалғыз ғана отанымыз» деген сөзін байқауға болады.
— Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл Қазақстан. Бұл біздің қасиетті отанымыз. Басқа отанымыз жоқ, — деді мемлекет басшысы.
Комментариев пока нет