ДХР мен ЛХР басшылары халықты жаппай Ресейге эвакуациялау басталғанын айтты
Поддержать

ДХР мен ЛХР басшылары халықты жаппай Ресейге эвакуациялау басталғанын айтты

Өз егемендігін жариялаған Донецк халық республикасының басшысы Денис Пушилин мен Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник халықты Ресейге эвакуациялау басталғанын айтты.

Пушилин Telegram арнада видеоүндеу жасап, Ресей билігімен келісім бойынша Ростов облысында олар ДХР және ЛХР тұрғындары үшін орын бөлгенін жеткізді.

— Украина президенті Владимир Зеленский жақын арада әскери қызметкерлерге шабуылға көшуге, Донецк және Луганск халық республикаларының аумағына басып кіру жоспарын жүзеге асыруға бұйрық береді.

— Соғыс қимылдарын жүргізу тәжірибесі бар Донецк халық республикасының Қарулы күштері үнемі жауынгерлік дайындықта. Олар бейбіт тұрғындар мен инфрақұрылымды толығымен қорғауға қабілетті. Соған қарамастан, қарсылас республиканың елді мекендеріне шабуыл кезінде біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін, — деді Пушилин.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.