Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады
Поддержать

Қазақстанда запастағы 190 офицер әскери қызметке шақырылады

Қазақстан Үкіметі запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы қаулыны қабылдады.

— 2022 жылы офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және одан өтпеген запастағы офицерлерді заңнамада белгіленген тәртіппен екі жыл мерзімге әскери қызметке шақыру, — делінген құжатта.

Екі жылға барлығы 190 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады.

Оның ішінде:

Қарулы Күштерде — 150 адам.

Шекара қызметіне — 40 адам.

Айта кетейік, қаулы 2022 жылғы 11 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.