Батырбаевқа үтік басқан полиция қызметкері қамауға
Поддержать

Батырбаевқа үтік басқан полиция қызметкері қамауға

Азамат Батырбаев қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жүк көлігін айдап кетіп, шерушілермен бірге Талдықорғанның орталығындағы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін құлатқан.

Кейінірек Батырбаев ұсталып, әлеуметтік желіде оны ұрып-соғып, денесіне үтік басқаны туралы ақпарат тарады.

Кейін Азамат Батырбаевты азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— Батырбаевты азаптады деген күдікке ілінген полиция қызметкері қамауға алынды. Үлкен және ауыр жұмыс атқарылды. Біз прецедентке қол жеткіздік, — деп жазды Батырбаевтың адвокаты Бауыржан Азанов Facebook парақшасында.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *