Коронавирус жұқтырған ресейліктерден «қара зең» табылды
Поддержать

Коронавирус жұқтырған ресейліктерден «қара зең» табылды

Тюмень дәрігерлері коронавируспен ауыратын науқастарда «қара зең» деп аталатын сирек кездесетін ауру түрін анықтады.

— Агрессивті мукормикоз немесе қара зең — өте сирек кездесетін ауру болып саналады. Ол мұрынның бітелуі түрінде байқалады, содан кейін мұрын қуысынан жағымсыз шірік иісі қосылады. № 2 ОКБ базасында осы аурумен ауыратын сегіз науқас қажетті ем алды, — деді Тюменьдегі № 2 Облыстық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, мукормикоз шырышты қабықтарға әсер етеді, бас сүйегі мен шеміршектерге ауыса алады. Инфекция тез таралады.

Дәрігерлер мәселені шешу үшін операция жасап, зардап шеккен тіндерді алып тастау керек екенін айтты. Емдеуді лор дәрігерлері, хирургтар бірлесіп жүргізеді, кейде нейрохирургтар мен окулистердің көмегі қажет.

Фото: Лайвжурнал




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.