Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің қызметіне қатысты жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми Telegram-арнасы хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, құжаттың толық мәтіні ертең сағат
8:00-де Ақорда сайтында жарияланады.
— Әкімдердің қызметіне қатысты маңызды Жарлыққа қол қойды. Құжатпен толығырақ ертең сағат 8:00-де Ақорда сайтынан таныса аласыздар, — делінген Ақорданың Telegram-арнасында.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет