Ресейлік тележүргізушінің YouTube арнасы бұғатталды
YouTube қызмет көрсету ережелерін бұзғаны үшін ресейлік тележүргізуші және журналист Владимир Соловьевтің «Соловьев Live» деп аталатын негізгі және резервтік арналарын бұғаттады.
— Бұл аккаунт YouTube қауымдастығының ережелерін бұзғаны үшін бұғатталған, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Вечер с Владимиром Соловьевым» арнасы да жойылды. Соловьев арналарында миллионнан астам жазылушы болған.
Тележүргізуші Telegram-да ютуб компаниясының бұл әрекетіне пікір білдірді.
— Күтеміз You Tube кешірім сұрау керек немесе жабылады. Ресей Федерациясының аумағында YouTube-ті жабатын кез келді, — деп жазды ол.
Бұған дейін Ресейге қарсы батыс санкцияларының аясында Соловьевтен Италиядағы Комо көліндегі жалпы құны сегіз миллион еуро болатын екі Вилла тәркіленді.
Комментариев пока нет