Владимир Зеленский үндеу жасады
Владимир Зеленский 8 наурыз, сейсенбі күні кешкі бейне үндеуінде тағы да Украинадағы жағдайды реттеу туралы келіссөздерге шақырды.
Үндеудің толық нұсқасы Украина президентінің Telegram-арнасында жарияланды. Зеленскийдің айтуынша, соғыс аяқталып, екі жақ келіссөздер үстеліне отырулары тиіс.
— Соғыс аяқталуы керек, келіссөздер үстеліне отыру керек, адал және объективті, адамдардың мүддесі үшін, — деді Зеленский.
Ресей мен Украина бұған дейін келіссөздердің үш раундын өткізген. Екінші раунд барысында тараптар азаматтарды эвакуациялау, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу үшін гуманитарлық дәліздерді бірлесіп қамтамасыз ету бойынша түсіністікке қол жеткізді, алайда гуманитарлық дәліздер толыққанды жұмыс істемеді.
Беларуссияда 7 наурыз күні кешке Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды, ол үш сағатқа созылған.
Комментариев пока нет