Тоқаев АҚШ үкіметімен келісімге келді
Поддержать

Тоқаев АҚШ үкіметімен келісімге келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ үкіметімен салық тәртібі туралы келісімді ратификациялады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы халықаралық салық тәртібін жетілдіру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, келісімге қосылған қаржы институттары Қазақстанда шот ашқан барлық америкалық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпаратты анықтауға міндетті. Осыған ұқсас Қазақстанның келісімге қосылуы АҚШ-та шот ашқан барлық қазақстандық жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.