Украина мен Ресей министрлерінің келіссөздері аяқталды
Поддержать

Украина мен Ресей министрлерінің келіссөздері аяқталды

Анталияда Украина мен Ресей Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері аяқталды.

Түркияның делдалдығымен өткен екі министрдің әңгімесі шамамен 90 минутқа созылды, кейін Дмитрий Кулеба мен Сергей Лавров бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен баспасөз конференцияларын өткізді.

Unian.net мәліметінше Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба тараптар атысты тоқтату туралы келісе алмағанын айтқан.

— Украина Мариупольден гуманитарлық дәлізді, сондай-ақ азаматтардың гуманитарлық мәселелерін шешу үшін кем дегенде бір күнге атысты тоқтатуды ұсынды. Ресей жағы бұған келіскен жоқ. Мен келіссөздерді жалғастыруға дайынмын, — деді министр.

Кулеба егер Ресей мұны қаламаса, Украина соғысты тоқтата алмайтынын атап өтті.

— Бүгін мен Украина Путиннің шарттарын орындаса, атысты тоқтату мүмкін екенін естідім. Алайда Украина берілмейді. Біз дипломатиялық шешімдерді іздейміз, бірақ бұған қол жеткізілмейінше, біз адамдарды ресейлік агрессиядан қорғаймыз. Бүгін өткен кездесудің жалғасы болады деп үміттенемін. Егер Ресей тарапы байыпты әңгімеге дайын болса, мен де дайынмын, — деді ол.

Ресей Украинаға Беларусь жеріндегі келіссөздердің соңғы раундында есеп айырысу бойынша нақты ұсыныстар айтты.

— Ресей тарапы заңды құжат жобасы түрінде өте нақты ұсыныс жасалы. Ал Украина тарапы бұл ұсыныстарды Киевте пысықтап, жақын арада оларға нақты жауап беретініне сендірді. Кулеба мырзаның атысты тоқтату туралы келісе алмағанын айтқанына таң қалмаймын. Мұнда ешкім атысты тоқтату туралы келіссөз жүргізгісі келмеді, — деді Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Лавров ядролық соғыстың басталуына сенбейтінін және сенгісі келмейтінін айтты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *