Олигарх Қайрат Боранбаев қамауға алынды
Поддержать

Олигарх Қайрат Боранбаев қамауға алынды

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев Алматыдағы қаржы мониторингі агенттігінің ғимаратына әкелінді. Анонимді дереккөздің мәліметіне сәйкес, кәсіпкер қамауға алынған.

— Боранбаевты Алматыда Қаржы мониторингі агенттігі (AFM) ұстады. Бұл жерде Алматы департаменті емес, Астанадағы АФМ бас кеңсесінің адамдары «жұмыс істейді». Қазір Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жақын күндері оның қатысуымен Алматыда тергеу шаралары өтеді, — деп хабарлады дереккөз.

Қайрат Боранбаев Молдованың Ұйымдасқан қылмысқа және аса маңызды істерге қарсы күрес прокуратурасына жауап беруге келмеген.

Қайрат Боранбаев – Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима 2013 жылы Дариға Назарбаеваның ортаншы ұлы Айсұлтан Назарбаевқа күйеуге шықты.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.