Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады
Поддержать

Қазақстанда жаңа саяси партия құрылады

Белгілі қоғам белсендісі, экономист Мұхтар Тайжан жаңа саяси партия құратынын мәлімдеді. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында жазды.

— Бүгіннен бастап мен жаңа саяси партияны құруға кірісемін. Нағыз саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырту үшін бүгінгі билік — яғни бүгінгі залында отырғандардың — Мәжіліс, Сенат және үкімет 80-90% сөзсіз ауысу керек. Ол үшін біз — ел мен ұлт жанашырлары — жаңа партия құрып келесі сайлауда Нұротан-Аманат партиясын адал жарыста жеңіп — билікке келуіміз қажет, — деді ол.

Қоғам белсендісінің айтуынша, жаңа партияның атауы — «Жер қорғаны» болады.

— Біздің жаңа саяси партиямыздың атауы «Жер қорғаны» болсын. Жер деген ұғым әр қазақ үшін қасиетті деп білем. Жерімізді қорғай алсақ ұрпақ үшін болашаққа жол ашамыз деген сөз. Менің жанжақты ұстанымдарымды, пікірлерімді жақсы білесіздер деп ойлаймын, — деп жазды ол.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.