Зеленский Мәскеуді тағы да келіссөзге шақырды
Поддержать

Зеленский Мәскеуді тағы да келіссөзге шақырды

Зеленскийдің айтуынша, Украина Ресей тарапын үнемі бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы әділ келіссөз жүргізуді ұсынып келеді. Зеленский, сондай-ақ Ресей әскері жасыл дәліздер арқылы гуманитарлық жүктердің жеткізілуіне кедергі келтіріп отырғанын айтады.

Бұл дәліздер арқылы қазірге дейін 180 мың бейбіт тұрғын эвакуацияланған. Киев пен Мәскеу бұған дейін бірнеше бейбіт келіссөз жүргізген. Бірақ олар нәтижесіз аяқталды.

– Ресей үшін өзінің қателіктерін түзетудің жалғыз мүмкіндігі – бейбітшілік пен қауіпсіздік туралы әділ келіссөз жүргізу. Біз мәселені үнемі бейбіт жолмен шешуге шақырып келдік. Осы тұста барлығына, әсіресе, Мәскеуге айтарым келіссөз жүргізетін уақыт жетті. Украинаның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру керек. Әйтпесе, Ресей орасан шығынға ұшырай береді, — деді Украина президенті.

Фото: BBC




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.