Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді
Поддержать

Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді

Мойындалмаған Таулы Қарабақ Республикасының президенті Араик Арутюнян соғыс жағдайын енгізді.

— Арцах Республикасының президенті (Қарабақтың атауы) Араик Арутюнян Арцах Республикасының аумағында соғыс жағдайын жариялап, құқық пен бостандықты уақытша шектеу туралы жарлыққа қол қойды, — делінген хабарламада.

Жарлыққа сәйкес, жиналыс жасауға, ереуілдер мен басқа да іс-шараларға тыйым салынады, Арцах Республикасының қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігіне қарсы бағытталған насихатпен немесе басқа қызметпен айналысатын ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.

Еске салайық, бұған дейін Әзірбайжан Қарулы Күштері Қарабақтағы ресейлік бітімгерлердің аймағына кіргені белгілі болды.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *