Бұрынғы депутат алтын төсбелгісін сатылымға шығарды
Поддержать

Бұрынғы депутат алтын төсбелгісін сатылымға шығарды

Атақты қазақстандық марафоншы Марат Жыланбаев Екібастұз мәслихатындағы депутат кезінде алған алтын төсбелгіні сататынын айтты.

Гиннесс кітабының жеті дүркін рекордсмені сату туралы хабарландыруды өзінің Facebook және Instagram парақшаларына жариялаған. Ол бастапқы бағасын 100 мың теңге екенін айтты.

Спортшының 375-ші сынамадағы алты граммдық төсбелгісін 2003 жылы Екібастұз мәслихатының депутаты болып қайта сайланған кезде алған.

— Бұл төсбелгінің қандай ақшаға сатып алынғаны әлі күнге дейін құпия. Заң бойынша мәслихат депутаттарына алтын төсбелгі берілмейді. Бірақ сол кезде әкімдікте Екібастұздың барлық 17 депутатына алтын төсбелгі берілді. Біз олар үшін ақы төлемедік. Қазір ол қажетсіз жатыр. Оған қоса бұл төсбелгімен байланысты жағымсыз естеліктер бар. Сондықтан да оны сатуға шығардым, — деді Жыланбаев.

Марат Жыланбаевты әлемдегі ең ірі шөлдерді жалғыз өзі жүгіріп өткен жалғыз спортшы. 1995 жылы ол үлкен спортты тастап, қоғамдық қызметпен айналыса бастады.

Фото: Власть




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.