Дубайдағы EXPO көрмесінде Қазақстан павильоны үздік деп танылды
Дубайда өткен EXPO 2020 дүниежүзілік көрмесінде Қазақстанның ұлттық павильоны үздіктер қатарына енді.
— Қазақстан павильоны EXPO 2020 көрмесінде үздік деп танылды. Бірінші орын — Германия, екінші орын — Қазақстан, үшінші орын — Италия, — делінген хабарламада.
Қазақстандық павильон БАӘ-нің басты павильонына жақын орналасқан «мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде орналасқан. Оның келушілері өңірдің әлемдегі орны, тарихы, мәдениеті, туристік әлеуеті, Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Павильон сырт кейпінде заманауи техникалық мүмкіндіктермен толықтырылған Шығыс стилімен ерекшеленді. Қабырғалар жеңіл құрылымнан жасалған, ланцет арка Түркістанның қасиетті жерлерін еске түсірді.
Айта кетейік, еліміздің павильонын құруға 8 миллиардқа жуық теңге жұмсалды. Дубайдағы EXPO 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан бастап өтіп, 2022 жылдың 31 наурызында аяқталады.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет