Қытайда коронавирустың жаңа түрі табылды - БАҚ
Поддержать

Қытайда коронавирустың жаңа түрі табылды — БАҚ

Қытайдың Цзянсу провинциясында омикрон штаммының жаңа түрі анықталды.

Сучжоу қаласының ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының мәліметінше, омикронның жаңа түрлері covid-19 жеңіл белгілері бар науқаста анықталған, кейін мамандар егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін қосымша зерттеулер жүргізді. Омикрон штаммының бұл түрі Қытайдың басқа бөліктерінде де, әлемде де тіркелмеген.

Коронавирустың жаңа түрлерін зерттейтін сарапшылардың бірі вирус бұған дейінге түрлеріне 99 пайызға ұқсас екенін айтты. Алайда генетикалық реттілікпен нуклеотидтердің айтарлықтай айырмашылығы болуы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салайық, наурыз айының басынан бастап Қытайда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың саны артып келеді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.