Министр Ұлттық қордағы трансферттің ұлғаюын түсіндірді
Поддержать

Министр Ұлттық қордағы трансферттің ұлғаюын түсіндірді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкіметтің Ұлттық қордан трансфертті неге 1,6 триллион теңгеге ұлғайтуды жоспарлап отырғанын түсіндірді.

— Біз мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сондай-ақ түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор, оның ішінде контрциклдық бюджет саясатын жүргізу кезінде құрал болып табылады. Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы тұру. Бұл қалыпты процесс. Контрциклді бюджеттік саясаттың бір бөлігі, — деді Қуантыров.

Оның айтуынша, Ұлттық қорға мұнайдың жоғары бағасы мен доллардың жоғары бағамы есебінен қосымша қаржы күтілуде.

— Қазір Ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар, — деді министр.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *