БҰҰ Ресейді өз құрамынан шығарғаны жөн - Зеленский
Поддержать

БҰҰ Ресейді өз құрамынан шығарғаны жөн — Зеленский

АҚШ Украинадағы ахуалға байланысты БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті. Оған Владимир Зеленский онлайн қатысты.

Ұйымның қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет видеоүндеу жолдаған Зеленский Ресейді үшін қатаң жауапқа тартып, БҰҰ-мын реформалауды ұсынды.

— БҰҰ кепіл берген қауіпсіздік қайда? Ұйым бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін құрылған жоқ па? Басқыншыларды бейбітшілікке шақыру – бекер іс. Бұлай жалғаса берсе, әр мемлекет өз қауіпсіздігін сақтау үшін халықаралық құқық пен институттарға емес, қаруына ғана сенетін болады. Қазір бізге ұйымның нақты және нық қадамы қажет. БҰҰ-ның Ресейді өз құрамынан шығарғаны жөн, не болмаса бұл ұйым тарқауы керек. Бүгінде Украинада Ресей тарапынан Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін болмаған әскери қылмыстар жасалып жатыр, — деді Зеленский.

Хабар 24 мәліметінше, кездесуде Ресейдің БҰҰ-дағы елшісі Василий Небензя Буча қаласындағы қатыгездікке Мәскеудің қатысы екенін айтқан.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.