Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болды
Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланған.
— Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын, — делінген мемлекет басшысының жарлығында.
2020 жылдың наурыз айынан бастап қызмет атқарған Гүлшара Әбдіқалықова өңір әкімі қызметінен босатылды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Ресей Федерациясы президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының (РАНХиГС) 3-курс докторанты.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет