Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды
Поддержать

Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орталық органдардың басшылары туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық орталық атқарушы органдардың басшылары мен барлық деңгейдегі әкімдерге қатысты. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Жарлыққа сәйкес орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары бір жыл ішінде халықпен тұрақты кездесулер өткізуге, ал кейін кездесулердің нәтижелері туралы БАҚ арқылы есеп беруге тиіс.

— Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін, — делінген хабарламада.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.