СІМ басшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Поддержать

СІМ басшысының бірінші орынбасары тағайындалды

Ақан Рахметуллин Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

— Рахматуллин Айқан Ақанұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды, — делінген ресми хабарламада.

Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы энергетикалық институтын бітірген. 1999 жылы — СІМ Дипломатиялық академиясын бітірді.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1993 жылы референт лауазымынан бастаған. Қазақстанның Пәкістандағы, Австриядағы елшіліктерінде, Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде жұмыс істеген.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.