Берлускони Путиннен көңілі қалғанын айтты
Поддержать

Берлускони Путиннен көңілі қалғанын айтты

Италияның бұрынғы премьер-министрі Сильвио Берлускони Украинадағы әскери қақтығыс туралы алғаш рет ашық пікір білдірді.

Ресей президентімен дос болған танымал саясаткер Мәскеуді әскери қылмыстар үшін айыптап, Владимир Путиннен көңілі қалғанын айтты.

— Мен Владимир Путиннің мінез-құлқына қатты ренжігенімді жасырғым келмейді. Мен оны 20 жыл уақыт білетінмін, ол маған әрдайым демократ және бейбітшіл адам болып көрінді, — деді Берлускони Римдегі «Италия» партиясының съезінде.

Берлускони мен Путин бұрын бірнеше рет кездесіп, дос екендерін айтқан. 2015 жылы Итальяндық саясаткер Қырымға барып, кейін түбекті Ресейдің ең әдемі бөлігі деп атаған еді.

— Біз Украина сияқты бейтарап елге қатысты бұрын-соңды болмаған агрессияға тап болдық, ол бүгінде өз бостандығы үшін үлкен абыроймен күресіп жатыр, — деді толықтырды Берлускони.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *