Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта оралды
Поддержать

Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта оралды

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

— Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын, — делінген жарлықта.

Тамара Дүйсенова 1965 жылы 11 қаңтарда дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Мансабында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, вице-министр, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017 жылдар), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2017-2018 жылдар) қызметтерін атқарған.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *