Тоқаев Данияр Есинді отставкаға жіберді
Поддержать

Тоқаев Данияр Есинді отставкаға жіберді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі Данияр Есинді қызметінен босатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Данияр Нұрашұлы Есин Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Данияр Есин 2021 жылдың наурыз айында Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалған еді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.