Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша шешім қабылданды
Поддержать

Жеңілдетілген автонесиелеу бойынша шешім қабылданды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автонесиелеу бойынша шешім қабылданғанын, ол сәуір айының соңына дейін іске қосылатынын мәлімдеді.

— Автонесиелеуге келетін болсақ, бүгін отырыста шешім қабылданды. Мен айтқанымдай, осы айдың соңында жұмысты бастаймыз. Шешім ресми түрде қабылданды. Енді әріптестеріміз жұмысқа кіріседі, — деді Өскенбаев.

Еске салайық, жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы сәуір айында іске қосылады деп күтілуде. Оған бұрынғы «Оператор РОП» кәдеге жарату алымынан жиналған 100 миллиард теңге бөлінеді.

Айта кетейік, несие шарттары бастапқы жарнаны қарастырмайды, бірақ машина міндетті түрде отандық өндіріс болуы керек.

Ақпан айында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев Қазақстанда жеңілдетілген автонесиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша қарыздың ең көп сомасын айтты.

Фото: Kolesa




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.