Инвестор Бозжыра шатқалында қонақ үй салудан бас тартты
Поддержать

Инвестор Бозжыра шатқалында қонақ үй салудан бас тартты

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі инвестор Бозжыра шатқалында қонақ үй кешені мен этноауыл салудан бас тартқанын хабарлады.

Мұндай шешім «бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады және мемлекет басшысы Үкіметке жобаны іске асыру орнын қайта қарау туралы тапсырма беруіне» байланысты қабылданған.

ZTB мәліметінше, инвестор барлық ескертулер мен ұсыныстарды ескерген.

— Облыс әкімдігінің, ҚР Мәдениет және спорт, экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің қоғам өкілдерімен, ардагерлермен, ғалымдармен, экология саласындағы сарапшылармен өткізген бірлескен кеңестерінің нәтижесінде инвестор барлық ескертулер мен ұсыныстарды ескеріп, жобаны Бозжыра шатқалынан төрт шақырым қашықтықта іске асыру туралы шешім қабылдады, — деп облыс әкімдігінде.

Бозжыра шатқалында қонақ үй салу ұсынысы 2020 жылы айтылды. Бұл жаңалық қазақстандықтар арасында резонанс тудырды. Белсенділер сирек кездесетін жануарлар өмір сүретін ерекше табиғи орынға қол тигізбеуін сұрады.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.