- Exclusive
Поддержать

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында сел жүрді. Аудан әкімдігінің мәліметінше, 24 сәуір күні жауын жауып, су тасып, сел жүрді, деп хабарлайды aikyn.kz.

Табиғи апат салдарын жою үшін аудан әкімі Арман Абдуллаев бастап, төтенше жағдай және арнайы мекемелер жұмылдырылып, арнайы техникалар тартылып, Қақпақ, Сарапхана, Шанақ, Қызылқия, Қарабау ауыл округтегі жағдайды қалыпқа келтіру бойынша жауыннан кейін суды мотопомпа арқылы шығарып жатыр.

Арнайы көліктер мен төтенше жағдай қызметкерлері Шанақ ауыл округі Шанақ елді мекеніне сай-саладан келген судың салдарынан ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге шығарып, су кірген үйлерге мотопомпа арқылы судан тазартып жатыр.

Сарапхана елдімекенінде 200-дей мал шығыны болған. Қақпақ елдімекенінде 200 жуық (қой, ешкі) малдың шығыны болған. Қарабау ауыл округі Қарабау елді мекенінде 15 үйге су кірген. Қызылқия ауыл округі Тұғыртас елді мекеніне 1 үйге, Қызылсенгір елді мекеніне 12 үйге су кірген.

 




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.