Мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Бас прокуратураға арыз жазып, әкесіне қатысты қылмыстық істі қайта қарауды сұраған.
Nege.kz мәліметінше, Қайрат Нұрқаділов Бас прокуратурадан жауап алған.
– Маған ресми түрде «істі қайта қарамаймыз» деген жауап келді. «Суицид жасаған, басқа деуге негіз жоқ» дейді. Олар расымен де істі архивтен алды, қарады. Қарағаннан кейін уақыт керек екен. 7 үлкен томды қарап шығыпты. Соның нәтижесінде: «Іс сол кезде дұрыс тергелген, суицид болғанын айтты, – деді Қайрат Нұрқаділов.
Қоғам қайраткерінің ұлы істі неге қайта қарағылары келмегені жұмбақ екенін айтты. Сондай-ақ, журналистер арқылы қоғамнан көмек сұрайтынын жеткізді.
Комментариев пока нет