- Exclusive
Поддержать

Тиісті петиция Egov.press сайтында жарияланды. Қазіргі уақытта оған мыңнан астам адам қол қойған.

— Біз, петицияға қол қойған Қазақстан Республикасының азаматтары Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесін ҚР Конституциясында бекітуге үзілді-кесілді қарсымыз. Халықтан қолдау сұраймыз!,- делінген петиция мәтінінде.

Өтініш авторлары жағдайды тек қоғамдық резонанс арқылы шешуге болады деп санайды және биліктен мәселеге назар аударуды сұрайды. 

Еске сала кетейік, 25 сәуірдегі ОКҚ брифингінде Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жұмыс тобы еліміздің ата заңына Нұрсұлтан Назарбаевтың мәртебесі енгізілгенін хабарлады.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.