- Exclusive
Поддержать

Генерал Серік Күдебаев қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде Талдықорғаннан туған ауылына кетіп қалған. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев бизнесмен Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында айтты.

Бозымбаев 5 қаңтарда полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев комомегдант болғанын, ол облыс әкімдігінің қауіпсіздігіге жауап бере алмағанын атап өтті. Облыстық полиция департаментінің және қалалық басқарманың ғимараты, сондай-ақ әкімдік басып алынған.

— Нәтижесінде азаматтық билік қалды. Мен полиция департаменті бастығын іздедім. Оны тек таңертең Талдықорғаннан 300 шақырым жерде таптым. Ол ауылына кетіп қалған. «Сен неге кетіп қалдың?» дегенімде: басым, аяғы ауырып тұр, отбасымды алып кеттім — деп жауап берді, — деді Қанат Бозымбаев.

25 қаңтарда Ішкі істер министрі бұған дейін Алматы облысының полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаевты қызметінен босатты.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.