Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан ұсынылатын мәжіліс депутатын сайлауға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді.
— Бірақ біздің Парламентте Қазақстан халқы Ассамблеясының тиісті орындары сақталады, — деді Тоқаев
Президент алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.
Фото: Ақорда
Комментариев пока нет