Әлем құм тапшылығына ұшырайды. Бұл туралы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі баяндамасында айтылды.
Бұл мәселе жаһандық урбандалу мен халықтың өсуі аясында туындап отыр. Жыл сайын әлемде 50 миллиард тоннадан астам құм жұмсалады. Құм судан кейінгі ең көп жұмсалатые екінші ресурс.
Құм — бұл құрылыстағы қажетті шикізат, сонымен қатар көптеген тіршілік иелерінің тіршілік ету ортасы. БҰҰ жағажайларда құм өндіруге тыйым салуға шақырады.
— Табиғи құмның қоры шектеулі және экономика ауқымында жаңартылмайды. Біздің құмға тәуелділігімізді ескере отырып, оны стратегиялық ресурс ретінде танып, өндіру мен пайдалануды қайта қарастыруымыз керек, — деді БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының өкілі Паскаль Пеудцци.
Комментариев пока нет