- Exclusive
Поддержать

Парламент Сенатының депутаты Мұхтар Құл-Мұхаммед Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының таяудағы сессиясында айтқан ұсынысына түсініктеме бере отырып, президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізу туралы бастамасы еліміздің Негізгі заңында жазылған басты қағидатқа негізделгенін айтты, хабарлайды Exclusive.kz.

— Қолданыстағы Конституцияда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық» деп нақты жазылған. Осы қисынға сүйене отырып, жалпыхалықтық референдумда халықпен ақылдаса, елдің Ата Заңына өзгеріс енгізу қажет. Сондықтан мен президентіміздің бастамасын толық қолдаймын, — деді сенатор Құл-Мұхаммед.

Сенатор бұл бастаманың мемлекет басшысы қызметке кіріскен сәттен бастап жариялаған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың жалғасы екенін атап өтті.

— Ашығын айтқанда, біз халықпен ақылдасуды ұмыттық. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы елде бірде-бір референдум болған жоқ. Халықтың қуатты қолдауы Қасым-Жомарт Кемелұлына саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды одан әрі ілгерілетуге күш береді. Конституцияны жаңартпай әділетті, жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес. Тек халықтың үніне құлақ асу керек, — деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.