- Exclusive
Поддержать

Түрік ұлтшыл қозғалысының жетекшісі Девлет Бахчели Украина президенті Владимир Зеленскийдің мәлімдемесіне жауап берді. Түрік саясаткері Зеленскийге Түркия туралы айтқан кезде құрметпен қарауды ұсынды.

— Украина-Ресей соғысына әлем елдерінің көзқарасы мен ұстанымдарын ескере отырып, Зеленский түрік халқына, түрік мемлекетіне және Түркия үкіметіне өте құрметпен қарау керек, — деді Бахчели.

Оның айтуынша, бүгінде Түркия Стамбул процесі арқылы соғысты шешуге тырысатын жалғыз ел.

— Осы мәселе бойынша Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 40-тан астам елдің көшбасшыларымен байланыс орнатқан. Жақында ол жетістікке жетеді деп сенемін. Зеленский Грецияға емес, түрік халқына сенсе жақсы болар еді, — деді партия жетекшісі.

Бұған дейін Зеленский грек RT телеарнасына берген сұхбатында Түркия Ресейден туристерді қабылдау кезінде қос стандарттар ережесін пайдаланады деген пікір білдірді.




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *