АҚШ президенті Джо Байден қажет болған жағдайда Тайваньды әскери жолмен қорғауға дайын екенін мәлімдеді.
АҚШ президентінің айтуынша, Тайваньға шабуыл жасалған жағдайда әскери қолдау көрсетуге дайын.
– Біз Тайвань бұғазының тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауды жалғастырамыз және оның статус-квосы біржақты түрде өзгертілмеуін қалаймыз, — деді Байден.
Байден АҚШ-тың Тайвань мәселесіне деген көзқарасы өзгермегенін және Вашингтон «бір Қытай саясаты» қағидатын ұстанатынын айтты.
– Біз бір Қытай саясатымен келісеміз. Соның негізінде жасалған барлық келісімдерге қол қойдық. Бірақ оны күшпен қабылдауға болады деген идея сәйкес келмейді, — деді Байден.
Кейінірек Ақ үйдің басшысы Тайваньға қатысты саясатта ешқандай өзгеріс болған жоқ деп мәлімдеді. Қытай Сыртқы істер министрлігі Америка Құрама Штаттары Тайваньның тәуелсіздігін қорғаудың қажеті жоқ екенін айтты.
Фото: Голос Америки
Комментариев пока нет