Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғызстанға ресми сапармен барды.
— Қасым-Жомарт Тоқаевты Бішкектің «Манас-2» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің төрағасы — президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және осы елдің бірқатар ресми тұлғасы қарсы алды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 мамырда Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің бейне-конференция режимінде өтетін отырысына қатысады.
Фото ашық деректерден
Комментариев пока нет