- Exclusive
Поддержать

Қазақстанда жиһаз бағасы Ресейден импортталатын материалдардың қымбаттауына байланысты өсіп жатыр.

Сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда ағаш жиһаз өндірісі Ресей шикізатының импортына 70 пайызға тәуелді. Өндірушілер бұрын әкелінген қорларды пайдаланады. Ресейден Қазақстанға тауар әкелу шығындары төрт есе өскен. Енді біздің елге ағаш материалдарын тек теміржол арқылы әкелуге болады. Ағашты есепке алудың жаңа жүйесіне байланысты автокөліктерге тыйым салынған.

«Хабар 24» мәліметінше, маусым айының басында Қазақстанда жиһаз өндіруге арналған материалдар кем дегенде 30 пайызға қымбаттайды.

— Белсенді түрде құрылыс жүріп жатқанымен, адамдардың жиһазға қарайтын жағдайы жоқ. Ең басты мәселе, мемлекет іскерлік белсенділікті сақтаудың орнына, корпустық жиһаз сатып алуға тыйым салу туралы бұйрық әлі де бар. Бұл салаға кем дегенде жасанды сұраныс қажет. Қазір серпін берсе, оңай болар еді, — деді жиһаз өнеркәсібі қауымдастығының басшысы Қанат Ибраев.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *