- Exclusive
Поддержать

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров пен қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп референдум, қаңтар оқиғасы, Ассамблея туралы пікір білдірді.

Сұхбат барысында депутат Ерлан Саиров қаңтар оқиғасы реформаларды болдырмау үшін жасалған әрекет екенін айтты.

– Қаңтар оқиғалары осы реформаларды болдырмау үшін істелген қадам. Бұл реформалардың барлығы қаңтардан 4-5 ай бұрын дайындалып қойған. Қаңтар оқиғасы президентімізді аяғынан тайғызу үшін жасалған күштердің қадамы болған. Сіз бен біз айтып отырған реформалар қаңтарда басталу керек болатын, – деді депутат.

Мұхтар Тайжан Алматыда өткен митинг бейбіт түрде басталғанын айтып, қаңтар оқиғасы халықтың шынайы наразылығын білдіргенін жеткізді.

– Қаңтар оқиғасы халықтың шынайы наразылығын білдірді. Бірақ оқиғаның аяғын кландар пайдаланды. Алматының өзінде митинг бейбіт түрде болды, сосын ғана қару пайдаланылды. Қаңтар оқиғасын Назарбаевтың кландары ұйымдастырды. Өйткені, Кәрім Мәсімовтің өзі мұндай қадамға бармас еді, яғни қолдау болды, – деді қоғам белсендісі.

Фото ашық деректерден




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *