Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы келісімге қол қойды - Exclusive
Поддержать

Финляндия мен Швеция НАТО-ға кіру туралы келісімге қол қойды

Финляндия Сыртқы істер министрі Пекка Хаависто, Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линде және НАТО-ның 30 елінің елшілері НАТО-ның штаб-пәтерінде өткен рәсімде екі елдің Солтүстік атлантикалық одаққа кіруі туралы хаттамаларға қол қойды.

– Бүгін біз одаққа кіру туралы хаттамаға ресми түрде қол қойып, ратификациялау рәсімін бастаймыз. НАТО есігі еуропалық демократияға ашық. Бұл Финляндия, Швеция және НАТО үшін сәтті күн, — деді НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг.

29 маусымда НАТО елдерінің басшылары Мадридтегі саммитте Финляндия мен Швецияны одаққа қосылуға ресми түрде шақырды. Скандинавия елдері көктемде тиісті өтініш беріп, ұйымға кіруге ниет білдірді.

Фото: ашық дереккөз




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *