Ya Metrika Fast


English version

Генерал-майор Күдебаевтың соты тағы да кейінге шегерілді

Контекст дня — 16 марта 2023 15:35
0
Изображение 1 для Генерал-майор Күдебаевтың соты тағы да кейінге шегерілді

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді, деп хабарлайды Exclusive.kz.

Бүгін, 16 наурыз күні генерал-майор Серік Күдебаевқа сот үкімі шығуы тиіс болған. Бірақ Күдебаевтың сырқатына байланысты сот отырысы тағы да кейінге қалып отыр.

Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі келесі отырыстың өтетін күні кейін хабарланатынын айтты.


Айта кетейік, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікке ілінген.

Фото: ашық дереккөз


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.