Головкин мен Канело жекпе-жек алдында көз арбасты
Геннадий Головкин мен Сауль Канело Альварес үшінші жекпе-жек алдында көз арбасты.
Боксшылар үшінші жекпе-жегіне арналған баспасөз мәслихатында кездесіп отыр. Бұл Лос-Анджелесте өтті.
Головкиннің мексикалықпен үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі 2017 және 2018 жылдары өтті. Бірінші кездесу дау-жанжалмен аяқталды, ал екінші жекпе-жекте мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды.
Комментариев пока нет