Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады - Exclusive
Поддержать

Хаменова өзіне тағылған айыпты мойындамады

Атырауда облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың сот отырысы өтті.

Ірі көлемде пара алды деп айыпталған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хасенова өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

ATPress.kz мәліметінше, Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев «делдал ретінде жұмыс істегенін» айтқан. «Балқыту» ЖШС басшысы Өміртай Адамов өз кінәсін мойындады.

2021 жылдың желтоқсанында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев ұсталды. Олар Абай ескерткішін орнатуға мемлекеттік сатып алу шартын жасағаны үшін 4,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Фото: Sputnik




Комментариев пока нет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *