Ya Metrika Fast


English version

«Инвестиция тарту»: Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен не талқылады?

Контекст дня — 22 декабря 2023 16:30
0
Изображение 1 для «Инвестиция тарту»: Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісімен не талқылады?

Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдап, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға, сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, екі ел қауіпсіздік, орнықты даму, климат проблемасы, гуманитарлық байланыс және басқа да көптеген сала бойынша ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.


– Мемлекет басшысы экономикалық ықпалдастықты екіжақты қатынастардың негізгі тірегі ретінде атап өтіп, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, соның ішінде Инвестиция тарту жөніндегі кеңес қызметі аясында нығайту қажет екенін айтты. Сонымен қатар кездесуде сауда, көлік, логистика, «жасыл» энергетика, экология, тау-кен өндіру өнеркәсібі салаларындағы байланыстарды арттыру мүмкіндіктері талқыланды, – деп жазылған хабарламада.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.