Ya Metrika Fast


English version

Иран «кек туын» көтерді

Контекст дня — 7 января 2024 17:30
0
Изображение 1 для Иран «кек туын» көтерді

Ирандағы Кум қаласында орналасқан Джамкаран мешітінің күмбезінде кек туы көтерілді, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі Иран Fars агенттігіне сілтеме жасап.

Керман қаласындағы қайғылы оқиғадан кейін мешіт күмбезінде Қызыл Жалау пайда болды. Бұл жалау 2020 жылы Касем Сүлеймани қайтыс болғаннан кейін көтерілген еді.

CNBC мәліметінше, шиит дәстүріндегі қызыл жалаулар әділетсіз төгілген қан, кек алу деген мағына береді.


3 қаңтар күні Иранның оңтүстік-шығысындағы Керман қаласында аза тұту шеруі кезінде жарылыс болды. IRNA агенттігінің мәліметі бойынша, 89 адам қаза тапқан. Оның 12-сі 15 жасқа толмаған балалар. Барлығы 284 адам жарақат алды.

Фото: farsnews


Поделиться публикацией
Комментариев пока нет

Все комментарии проходят предварительную модерацию редакцией и появляются не сразу.